Ақтөбеде жол ережесін 113 рет бұзған транзиттік нөмірлердегі көліктің иесі ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде екі ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 100 реттен аса бұзған транзиттік нөмірлердегі автокөліктің иесі анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында өткізіліп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде "Автоураган-МС" көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін 113 рет бұзған транзиттік нөмірдегі Subaru автокөлігін анықтады.

Бұзушылықтың негізгі түрлері – жылдамдық режимінен асыру. Жүргізушіге жалпы сомасы 3,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты азайту және азаматтардың көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында 15 "Автоураган-МС" көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені пайдаланылады.

Сондай-ақ кешен бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандарды, іздеуде жүрген автокөліктерді, мемлекеттік борышкерлерді, алимент төлемеуші жүргізушілерді және тағы басқаларын тіркейді. 2024 жылы "Автоураган" жүйесінің көмегімен ҚР ЖҚЕ 50 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді. Сонымен қатар "Автоураган" жүйесі шетелдік есепте ЖҚЕ бұзған көлік құралдарын анықтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды