Түркістан облысында есірткі сайттарын жарнамалайтын 20-дан астам граффити жазба өшірілді

Фото: pexels
Профилактика жылы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Мәселен, Түркістан қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологтардың қатысуымен жастар ресурстық орталығы, қоғамдық даму басқармасының өкілдері 50-ге жуық еріктімен бірлесіп, "Esirtkige jol joq" акциясын өткізді.

Акцияға қатысушылар жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Есірткінің зияны мен оларды сақтау, тарату үшін қарастырылған жауапкершілік туралы жадынамалар таратты.

Сондай-ақ азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Акцияның ең белсенді қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері еріктілермен бірге есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын бірнеше граффити жазбаларын бояды. Жалпы, жыл басынан бері есірткі сайттарын насихаттайтын 25 граффити жазба жойылған. Нашақорлықтың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтардың киік етіне деген қызығушылығы азайды