Қазақстанға аяз қайтады: Алдағы күндері елімізде қар жауып, жаңбыр жауады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда тағы да жауын-шашын жауып, суық ауа райы сақталады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК ұсынған 2025 жылғы 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамында айтылады.

Болжам бойынша, алдағы күндері оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын анықтайды.

"Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, 25-26 ақпанда оңтүстікте, 26 ақпанда түнде оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда – қар жауады. Жауын-шашын желдің күшеюімен, бұрқасын және көктайғақпен бірге жүреді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

"Түнде ауа температурасының төмендеуі республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -8-18°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыста -5-12°С, шығыста -15-20°С, облыстың оңтүстігінде -5°С дейін көтеріледі деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың көктемі қандай болатынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы