Таразда шаруалар қант зауытынан қызылша қабылдауды талап етті

Сурет: pixabay
Жамбылдық дихандар Тараздағы қант зауытын қайта ашып, қызылша өнімін қабылдауды талап етті. Шаруалар "Тараз қант зауыты" серіктестігінің 3 жылдан бері тәтті түбір қабылдамайтынына наразы.

Олар биыл да өнімдерін өткізе алмай, әуреге түскісі жоқ. Өйткені былтыр балтамырды Меркідегі бір ғана зауыт қабылдады.

Ал қалғанын Жетісуға жеткізіп, Қырғызстанға да тасымалдаған. Әкімдік биыл дихандарға 300 мың тоннаға аз өнім алу керектігін айтқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған шамданған шаруалар зауыт ашылса, көлем қықсармайды, дейді. Сондықтан биыл серіктестіктен 100 мың тонна қабылдауды сұрайды.

"Көбісі қазір қызылша егуден бас тартуы мүмкін. Басқа дақылға ауысып кетуі мүмкін. 18 айдың ішінде 30% төлеп қойған жабдықтарыңыз түгел келетін болса, 2026 жылы қосылатын болса, мына шаруалар екпейтін болса, сізде шикізат болмайды. Бұл 2026 жылды қамтамасыз ету үшін 2025 жылға сіздің көмегіңіз керек. Не істей аламыз?" Нәби Сұлтанбаев, шаруа қожалық басшысы

Ал бразилиялық қант құрағын ғана қабылдайтын зауыт өз бағытынан айнығысы жоқ. Олар қызылшаны тек келесі жылдан бастап алуға ниетті. Кәсіпорынға жаңғырту жүргізіп жатқандықтан, әзірге шаруалар талабын орындай алмаймыз деп кесіп айтты. Айта кетейік, былтыр өңірдегі 450 шаруа 640 мың тонна қызылша жинады.

"Қант зауыты қызылшаны 2026 жылы ашқанға әрекет етіп жатырмыз. Биыл неге ашылмайды? Өйткені техникалық тұрғыда бұл мүмкін емес. Үлгермейміз. Қызылша қабылдау схемасын қалпына келтіру үшін кем дегенде 15 млн доллардың төңірегінде қаржы кетеді." Қанат Әлиев, "Тараз қант зауыты" ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі
Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды