Қазақстандағы 115 белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге қандай көмектер қолжетімді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2020 жылдан бастап Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары желісі қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік көмек департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Жәкенқызы орталық зейнеткерлерге қандай көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазір елімізде осындай 115 орталық жұмыс істейді, оның 29-ы 2024 жылы ашылған.

Олардың жұмысы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру үшін жағдай жасауға, зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді қоғамдық өмірге тартуға бағытталған.

Маман орталықтан аға буынға сауықтыру, білім беру, еңбек, бос уақыттарын ұйымдастыру және психологиялық қызметтер бойынша көмек көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол орталықтың арқасында егде жастағы белсенді азаматтардың саны артып, олардың денсаулығы мен психо-эмоцианалды жағдайы жақсарғанын айтты.

"Аға буын өкілдері халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр",- деп нақытлады ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің басқарма басшысы.

Бұған дейін ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні бесінші қазанда атап өтілетін болды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Түрікменстандағы "Тозақ қақпасы" 50 жылдан бері сөнбей тұр

Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды