Ақмола облысында ТКШ бөлімінің басшысы жер учаскелерін заңсыз бөлді

Фото: gov4c.kz
Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы шаруашылық жүргізуші субъектісіне Қосшы қаласының қалалық жағажайын орналастыру және оған қызмет көрсету үшін кадастрлық құны 47, 6 млн тг болатын 1, 9844 га жерді заңсыз беру фактісін анықтады.

Қосшы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 02.06.2024 жылы шарт негізінде Қосшы қаласы Сарқырама өзенінің бойында орналасқан жағажай түріндегі мүлікті 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді.

Бұл ретте Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде осы жер учаскесін пайдалану және оған билік ету құқығы болған жоқ.

Осылайша, бөлім басшысы негізсіз шарт жасасып, жерді сенімгерлік басқаруға берді.

27.01.2025 жылғы қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылып, Қосшы қаласы әкімінің 29.01.2025 жылғы өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Сарқырама мен Тайманұлы көшелерінің бойында орналасқан 5 жер учаскелерінде көпірлер мен қоршаулар орнату арқылы мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу фактілері анықталды.

Уәкілетті органдар жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды