Ayul Sport: ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

Сурет: қордың баспасөз қызметі
Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. Halyk қайырымдылық қоры мен "Қазақстанның каратэ федерациясының одағы" ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл келісім ауылдық аймақтардағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа баулуға, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ ауылдық жаттықтырушылардың білігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама жас спортшыларды қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және спорттық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінде еліміздің көптеген ауылдық аймақтарында спорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, жаттықтырушылар мен төрешілердің тапшылығы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Ayul Sport жобасы – ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастама.

"Қазақстанның каратэ федерациясының одағы" – еліміздегі жетекші спорттық ұйымдардың бірі. Оның ауыл спортының дамуына атсалысуы каратэ спортын өңірлерде кеңінен таратуға, жас спортшыларға тәжірибелі жаттықтырушылардан тәлім алуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл меморандум еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Құжатқа қол қойған тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты тереңдетіп, ауылдық спорттың қолжетімділігін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, Auyl Sport жобасы 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылығын танытты. Каратэ – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің бірі. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды