Абай облысында ер адам өзімен танысудан бас тартқан қыздарды балағаттап, тепкілеген

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында масаң күйде бойжеткендерді балағаттап, кейін ер адам жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы ер адам Аягөз қаласының кафелерінің бірінде екі бөтелке сыра ішіп алып, көрші үстелде отырған екі бойжеткен қыздармен таныспақшы болған, алайда танысудан қыздар бас тартқан. Осыдан кейін масаң күйдегі ер адам оларды балағаттап, намысына тиетін сөздерді айтып, қыздарды тепкілеген. Біреуін итеріп құлатып, дене жарақатын келтірген.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Аягөз аудандық пробация қызметіне есепке қойылған кезде оған жаза өтеу тәртібі таныстырылып, профилактикалық сұхбат жүргізілген. Қазіргі таңда анасымен тұратыны анықталды.

"Жаза өтеу барысында бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жаза өтеу тәртібін бұзған, соттың қаулысымен оған жазаның өтелмеген он бір ай мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды", - деді Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы Ислам Дүйсембеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

Қазақстанда халықаралық әуе бағыттарының саны 161-ге жетті