Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды

Сурет: Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

2024 жылғы 8 қарашада Әділет Бәрменқұловтың Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кететіні белгілі болды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы ақпаннан бері атқарды.

20 желтоқсанда Марат Омаров ҚФФ президенті болды. Ал 2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Давид Лорияның ҚФФ вице-президенті қызметіне кірісті.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды