Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 8 наурыз бен Наурыз мейрамында жабылады

Сурет: ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні "Халықаралық әйелдер" және 21-23 наурыз аралығы "Наурыз мейрамын" мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", делінген 2025 жылғы 6 наурыздағы құзырлы комитет хабарламасында.

Бұған дейін, 2025 жылы 12 ақпанда Алматыдан Ресей шекарасына дейінгі жол учаскесі ақылы болатынын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр