"Рамазан сыйы". Елімізде қайырылымдылық марафоны басталды

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылы 6 наурызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміз бойынша "Рамазан сыйы" қайырымдылық марафоны басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Рамазан айын ерекше дайындықпен қарсы алған. Ағайынның басын қосып, ауызашар беру, жарапазан айтып, үлкеннің батасын алу, қиналған жандарға қол ұшын беріп, алғысына бөлену – халқымыздың сан жылдардан бері орындап келе жатқан игі амалдарының бірі.

"Бұл дәстүр мешіттерімізде де жоғары деңгейде жалғасып келеді. Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады..." – деген. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша "35 мың азық-түлік себетін тарату" акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған.  

Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі