Абай облысында 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды

Сурет: polisia.kz
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Курчатов қаласының тұрғыны ұзақ жылдар бойы ескі үлгідегі төлқұжатпен өмір сүріп, ресми азаматтық ала алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оған мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей, күнделікті өмірінде елеулі қиындықтар тудырды.

Миграциялық қызметке жүгінгеннен кейін полиция қызметкерлері оны құжаттандыру процесіне жедел кірісті. 2025 жылғы 3 наурызда ер адам ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанып, алғашқы жеке куәлігін алды.

Абай облысы полиция департаменті жеке куәліктің болуы адамның құқықтық мәртебесін ғана емес, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететінін еске салады.


"Егер Сізде немесе таныстарыңызда құжаттар болмаса, оларды ресімдеу үшін дереу миграциялық қызметке жүгіну қажет", - деп ескертті полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды