Алматыда тағы 63 заңсыз сауда нысаны сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Әуезов ауданында 63 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) және 28 ойын-сауық аппараты (силомерлер) бөлшектелген.

Атап айтқанда, Жұбанов пен Момышұлы көшелеріндегі самса, пицца және чебурек сататын 4 заңсыз дүңгіршек бөлшектелді.

Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен өз бетінше орнатылған СЕСН жою науқаны аясында жүргізілді. Бағдарлама осы жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Алматыда кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп көше саудасы объектілерін жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 302 СЕСН және 222 силомер бөлшектелді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды