Қызылорда тұрғыны келініне балағат сөздер айтып, соттан бір-ақ шықты

Сурет: Zakon.kz
11 наурызда Қызылорданың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты келініне тіл тигізді деп айыпталған жергілікті тұрғынның ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат А.А. пәтерінде спирт ішімдігін ішіп масаң күйде келіні К.Ж.қарсы былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында А.А. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінішін білдірді. Жәбірленуші сот отырысында қайын ағасы жасаған әрекетіне кешірімі сұрағанын, қазіргі кезде екеуі мәмілеге келіп, татуласқанын, А.А.-ға кешірім бергенін айтқан.


"Азамат А.А. қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. А.А. жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды". Қызылорданың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды