"Ұлттық қор – балаларға": Тоқаев үш жылда қанша қаражат аударылғанын айтты

Нацфонд - детям, нацфонд детям, национальный фонд - детям, национальный фонд детям, выплаты детям, выплаты детям из национального фонда, выплаты детям из нацфонда, финансовая помощь детям, детские накопления, детские выплаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 14:43 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында балаларды қолдау және олардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

"ЮНИСЕФ Қазақстанның осы салада Орталық Азия елдеріне ғана емес, Еуропадағы бірқатар мемлекетке үлгі бола алатынын мәлімдеп отыр. Бұл халықаралық ұйымға ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2024 жылдан бері "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылған.

Атап айтқанда, бағдарлама бойынша:

  • 2024 жылы – 695,5 млн доллар;
  • 2025 жылы – 888,8 млн доллар;
  • 2026 жылы – 901,7 млн доллар аударылған.
"Бұл жұмыс еліміздің үлкен жетістігі екені сөзсіз. Көптеген мемлекет балаларға арналған осындай ауқымды қолдау саясатын жүргізе алмай отыр", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастағанын айтты. Құжатта өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған кешенді шаралар қамтылған.

Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары мен психологиялық қолдау орталықтары құрылды. Инклюзивті білім беру жүйесі де қарқынды дамып келеді.

Соған қарамастан, Президент балалардың қауіпсіздігі мен дамуына қатысты шешімін таппаған мәселелер бар екенін атап өтті. Соның бірі – ақпараттың шамадан тыс көбеюі.

"Мұндай ахуал азаматтардың жұмыс қабілетін төмендетеді. Бұл, әсіресе, болмыс-бітімі енді қалыптасып келе жатқан балалар үшін өте қауіпті", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: