Қазақстандықтар Сьерра-Леонеге визасыз бара алады

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі мен Сьерра-Леоне Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім 2024 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Нью-Йоркте жасалған.

Тараптардың бiрi мемлекетiнiң азаматтары, жарамды дипломатиялық және қызметтiк паспорттары бар азаматтар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына алғаш рет келген күннен бастап 180 күнтiзбелiк күн iшiнде жалпы саны 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге қайта келуге, транзитпен өтуге, кетуге және визасыз болуға құқығы бар.

Азаматтардың дипломатиялық және қызметтік паспорттарының қолданылу мерзімі екінші тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде алты айды құрауы тиіс.

Азаматтардың екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіруі, транзиті және шығуы екі мемлекеттің халықаралық тасымалдау үшін ашық ресми өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

Қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

300 қойды екі жүк көлігімен Түркістанға алып кетпек болғандар ұсталды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды