Павлодар облысында бәйге кезінде жас шабандоз аттан құлап, жарақат алды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Павлодар облысы Ақсу ауданы Қызылжар ауылында өткен бәйгеде 16 жастағы шабандоз аттан құлап, жарақат алды. Жасөспірім дереу ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IrbisTV дерегіне сүйенсек, Құнан бәйгеде жас шабандоз тізгіндеген тұлпар үркіп, жарық бағанына соғылған. Салдарынан жасөспірім жерге құлап, жарақат алған. Ол дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"2008 жылы туған бала бас-ми жарақатымен келіп түсті. Оған ота жасалып, бірқатар емдеу шарасы жүргізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында", – деп хабарлады Ақсу әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті оқиғаға себеп болған жағдайларды жоюды талап етіп, жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдаған.

Бұған дейін Украинаның майдан шебіндегі сарбаздарға берілетін сыйақы мөлшерін көбейткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді