Қарағанды облысында 600 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында көктемгі су басудың алдын алу үшін белсенді шаралар қабылдануда. Осы мақсатта Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды ауылының маңындағы Қарасор көлінде мұз кептелістерін жою мақсатында 600 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ таратқан деректерге сүйенсек, осындай шаралар Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланөтпес, Есіл және Үлкенқұндыз өзендерінде де жүзеге асырылды. Жалпы жарылыс жұмыстары 14 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыды.

"Сонымен қатар, өңірде су тасқыны қаупін азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, 11 тоннадан астам инертті материал төселді, 54 км астам арық тазартылды, 42 км астам траншея қазылды, 13,6 мыңнан астам қап инертті материалдармен толтырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Жаңаөзендегі сауда орталығында өртті сөндіру кезінде құтқарушы зардап шеккендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз