Ақтауда толассыз жауған жаңбырдан кейін жаңа жерасты қоқыс жәшіктері опырылып түсті

Сурет: unsplash
Ақтауда 19-шағын ауданда нөсер жаңбырдан кейін жаңа қоқыс жәшіктері жер астына түсіп кетті. Енді мердігер ұйым қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

lada.kz жазуынша, оқиға "Рахат-2" ТК аумағында болған.

Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты топырақ шайылып, осылайша жаңа жаңа жерасты қоқыс жәшіктері жер астына түсіп кеткен.

Сурет: lada.kz

"Материалдардың сапасына қалай мән бермеуге болады?! Ақаулар алғашқы қолайсыз ауа-райынан-ақ анықталды", – дейді көпқабатты үйдің тұрғындары.

Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәселемен ТКШ бөлімі жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Өз кезегінде мердігерлер бәрін қалпына келтіруге міндеттелген.

Белгілі болғандай, оқиға орнына қоршаулар орнатылған. Шенеуніктердің сөзінше, қалпына келтіру жұмыстары ауа райы тұрақтанғаннан кейін жүргізілетін болады.

Бұл ретте, әкімдік сатып алу сомасын және мердігер компанияның атауын жарияламады.

Бұған дейін Экология министрлігінің елімізге тағы бірнеше жолбарыс әкелуді жоспарлап отырғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз