Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті құрықталды Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полиция бұрынғы соттылығынан нәтиже шығармай, үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ордабасы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне ұры түсіп, бағалы заттарын қолды қылған. Яғни алтын жүзік, күміс білезігі мен Samsung А16 телефонын жымқырып, жалпы құны жарты миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Аталған жайт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Ауданның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке жас жігіт ұсталды. Тексеру барысында оның ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша 3 жылға сотты болып, 2024 жылы шартты түрде босап шыққаны анықталды.

Күдіктінің бұдан бөлек екі пәтер ұрлығына қатысы бар болып шықты. Айғақты заттар толығымен алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Дропперлер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қонаевтың балалық шағы қайда өтті

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар