Қазақстан мен Өзбекстан президенттері "Медеу" спорт кешеніне барды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев "Медеу" мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы орны ерекше. Президенттерге 1972-1991 жылдары мұнда әйелдер мен ерлер арасында өткен жарыстарда барлық қашықтық бойынша 247 рет рекорд орнатылғаны жөнінде айтылды. "Медеу" әлі күнге Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының санатына кіреді. 2024-2025 жылғы маусымда мұз айдынына 460 мың адам келген.

Мемлекеттер басшыларына "Медеуді" орнықты туризм моделі бар әлемдік деңгейдегі орталыққа айналдыруды көздейтін жаңа даму жобасы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанып, Әлем чемпионаты мен Азия ойындарында жүлделі орыннан көрінген болатын. Жуырда өткен Қазақстан спартакиадасында спортшы айқын жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта бейресми әлем рекордын жаңартты (9,31 секунд).

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мәнерлеп сырғанау шеберлерінің өнерін тамашалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді