Оралда жеңіл көлік қағып кеткен әйел мерт болды

Сурет: Zakon.kz
Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан әйел адам мерт болды. Оқиға 29 наурыз күні шамамен 22.10-да болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform-ның хабарлауынша, жүргізуші "Ауди 80" автокөлігімен Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында әйел адамды қағып кеткен.

"Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды