ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы тағайындалды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Төрегелдиев ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ның 2 сәуірдегі ақпарына сүйенсек, Ерлан Төрегелдиев 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Курчатов қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады.

2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ТЖМ бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өртті бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасын басқарды. 2024 жылдан бастап осы комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Рақымжан Ерназардың ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болғандығы жайлы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды