Алматыда полиция қарақшылар тобын құрықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда арнайы іс-шара барысында қарақшылық шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды.

Олардың ең кішісі – 1999 жылы туған, үлкені – 1974 жылғы. Қазіргі таңда Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Криминалдық полицияның мәліметінше, соңғы қылмыс кезінде қаскөйлер Сыпатаев көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынына шабуыл жасаған.

Қаруға ұқсас затпен қорқытып, күш қолданып, жәбірленушінің ақшасын, ноутбугін және алтын бұйымдарын иемденген.

"Ұстау кезінде күдіктілердің көлігінен екі газ-травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, қосымша тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Полицейлер топтың қылмыстық әрекетінің ықтимал қосымша эпизодтарын анықтау бойынша жедел іс-шараларды жалғастыруда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді