Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: primeminister.kz
4 сәуір күні полицияға үрейлі хабарлама келіп түсті: өтіп бара жатқан адамдар көпірден бір жас жігіттің секіруге дайындалып тұрғанын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары дереу жетті. Алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері Нұржан Оралтаев пен Нұрсұлтан Айып жігітке жақындады. Олар үйлесімді әрекет етіп, екі жақтан жігітті әңгімеге тартып, назарын өздеріне аударып, қауіпті әрекеттің алдын алуға тырысты. Осы кезде басқа полицейлер жолдағы қозғалысты реттеп, көпір үстінде көлік кептелісін болдырмауға күш салды.

Жігіт сәл алаңдаған сәтте, тәртіп сақшылары оны шапшаң түрде қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа сүйреп шығарды. Қарсылық көрсеткеніне қарамастан, полицейлер оны ұстап қалып, психологиялық қолдау көрсете берді.

Уақытылы әрекет пен кәсіби шеберліктің арқасында полицейлер 25 жастағы азаматтың өмірін сақтап қалды. Ол емдеу мекемесіне жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі