Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып кетті: полиция қылмыстық іс қозғады

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 2025 жылы 5 сәуірде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшінің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүргізуші шлагбаумның тез ашылмағанына ашуланып, сигнал бере бастаған. Тұрғын үй кешенінің күзетшісі оған ескерту айтып, одан кейін ер адам жұдырықпен ұрған.

"Бостандық аудандық полиция Басқармасы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді.  Іс жүргізудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті