Полиция ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті

Фото: freepik
Жасанды интеллект технологияларының дамуына байланысты алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін игеріп жатыр. Олар енді дауыс көшірмесін жасап, жалған видеолар құрастырып, таныс адамдардың бейнесін имитациялап, тіпті нейрожелілер арқылы жеке аккаунттарды бұзып кіре алады.

Осыған байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері аймақтағы тұрғындарды жаңа қауіптерден сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Полицейлер мектептерге, жоғары оқу орындарына, ұйымдарға және тұрғын үй кешендеріне барып, ақпараттық парақшалар таратып, алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіруде.

"Бұрын қылмыскерлер банктер мен полиция атынан хабарласатын болса, қазір олар жақын туыстарыңыздың даусын көшіріп, шұғыл түрде ақша аударуды сұрауы мүмкін. Сонымен қатар жасанды интеллект көмегімен сіздің атыңыздан жалған видео жасап, шантажбен айналысады. Бұл технологиялар алаяқтықты шынайы етіп көрсететіндіктен, аса сақ болу қажет", – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Уәлихан Ағыбаев.

Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Полиция жасанды интеллект технологияларын қолданатын алаяқтарға тап болсаңыз, дереу "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін