Доминиканда түнгі клубтың шатыры құлап, 44 адам қаза тапты

Сурет: бейнежазба скриншоты
Доминикан Республикасының Төтенше жағдайлар орталығының директоры Хуан Мануэль Мендес клубтағы шатырдың опырылып түсуінен қаза тапқандар саны 13-тен 44-ке дейін өскенін, тағы 146 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Diario Libre агенттігі қирандылар астында әлі де адамдардың болуы мүмкін екенін жазды.

"Jet Set түнгі клубындағы шатырдың құлауынан қаза тапқандар саны 44 адамға жетті, ал 146 адам түрлі жарақаттармен Санто-Доминго ауруханалары мен емханаларына жеткізілді", – деді Мендес .

Оның айтуынша, іздеу жалғасуда, себебі үйінділердің астында әлі де тірі адамдар бар болуы мүмкін. Құтқару жұмыстарына жылу камералары мен акустикалық сенсорлық жабдықтар қолданылуда.

"Әзірге үміт бар, жұмысты жалғастырып жатырмыз. Тірі қалғандардың бар екендігіне үміт беретін сигналдар бар",- деді ол оқиға орнынан.

Бұған дейін Индонезияда 5 баллдық зілзала тіркелгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды