Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Подписание законов, назначения, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 19:50 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Ерсейітов келді. Тиісті өкімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратта айтылған:

"Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды".

Талғат Ерсейітов еңбек жолын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде Астрахан ауданында бастаған. 2009-2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары, ал 2012-2017 жылдары Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Есіл ауданының, 2019-2023 жылдары Буланды ауданының әкімі болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Талғат Ерсейітов Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды. Бұл ауданға ол 2023 жылғы қараша айынан бері жетекшілік еткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: