Алматыда Майлин көшесі мен Сейфуллин даңғылы бойында биыл жылу желілері жаңартылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі.

2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.

Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді