Жаңаөзен тұрғыны ұлының полицияға хабарлаған жалған ақпараты үшін жауап берді

Фото: pixabay
Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпараты үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz ақпаратынша сүйенсек, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша іс (ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі) Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Осы жылдың 18 наурызында кәмелетке толмаған бала 102 нөміріне қоңырау шалып, Жаңаөзен мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы бар екені туралы көрінеу жалған ақпарат берді.

Сот отырысында баланың анасы өзінің кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісті. Ол болған оқиғаға өкініш білдіріп, ұлымен тәрбие жұмыстарын жүргізгенін түсіндірді.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігінің санкциясында 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл не 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделеді.

Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде тағайындау кезінде кінәні мойындау ескерілді, ауырлататын мән-жайлар белгіленбеді. Сот ата-анасына 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Бұған дейін Тараздағы екі колледжге жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабар тараған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды