Тараздағы екі колледжге жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабар тарады

2025 жылғы 11 ақпанда "102" пультіне Тараздағы екі колледжге жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ жедел әрекет ету арнайы жасағы, жедел-тергеу тобы мен кинологтар аталған оқу орындарының ғимараттарын дереу тексерді.
"Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ", - деп хабарлады ҚР Терроризмге қарсы орталығы.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін ҚР ҚК-ніңң 273-бабы бойынга қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript