Гүл Алматы: Оңтүстік астананың қазіргі көркін не келтіріп тұр

Сурет: Zakon.kz
Көктем құдды бір қырсық қыз тәрізді. Көңіл күйі дереу өзгереді, түсініп болмайсың. Дегенмен, өзінің сұлулығы мен жылулығы да жоқ емес. Ал, енді осы құбылмалы жыл мезгілінде Алматы қалай өзгерді. Zakon.kz тілшісі күйбең тіршіліктен бір сәт тынығып, қаланың қазіргі кейпіне көз жүгіртті.

Биылғы қыс Алматыға әдеттегіден ұзаққа тұрақтады. Әз-Наурыз мейрамы қалаға жаңа тыныс сыйлап, жұртшылықты ұйқысынан бір оятқандай болды.

Сурет: Zakon.kz

Алайда, мереке аяқталысымен қаланы қайта бұл басты. Мәселен, 25 наурыз күні алматылықтар ұйқысынан тұрғанда, терезеден аппақ қардың басып қалғанын көрді.

Сурет: Zakon.kz

Дегенмен, көп күтпей арадағы бір-екі күндік жаңбырды есептемегенде, қалаға көктем келді. Күннің жылуы тек табиғат пен жан-жануарға ғана емес, адамдарға да жарық бір сәуле сыйлағандай.

Сурет: Zakon.kz

Табиғат демекші, күні кеше танымал фотограф "алматылық сакурадан" шабыт алып, бүр жарған өрік ағаштарының суретін түсіріп еді. Ал, бүгін гүлге оранған Алматының суреттерін ұсынбақпыз.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Ал, танымал алматылық фотограф Дмитрий Доценко түсірген қаладағы бүр жарған ағаштардың суреттерін мына жерден көре аласыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі