Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге апта сайын келушілер саны 45 000 адамға дейін өсті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Демалыс күндері азық-түлік тауарларын сататын жәрмеңкелерге қатысатын алматылықтар мен қала қонақтарының саны аптасына 45 000 адамға жетті.

Келушілердің 50%-ға өсуі көктемгі кезеңнің басталуымен, жаңа өнімдер ассортиментін кеңейтумен және жәрмеңке инфрақұрылымын жаңғыртумен байланысты: жаңа сауда сөрелері орнатылды, санитарлық жағдайлар жақсартылды, келушілердің қозғалысы үшін қолайлы маршруттар қалыптастырылды.

Бүгінгі күні демалыс күнгі жәрмеңкелерде Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады. Апта сайын жәрмеңкеге қатысушылар жалпы көлемі 1000-нан астам атаулардан тұран 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларын-жаңа піскен ет, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да өнімдерді сатады.

Жәрмеңкелерді "Алматы" ӘКК" АҚ ұйымдастырады. Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкелерде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкелер апта сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекен-жайларда өтеді:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін