Ақмола облысында 8,4 млн теңге ұрлаған күдікті анықталды

Сурет: polisia.kz
2 сәуірде Ақмола облысының полиция департаментіне жергілікті кәсіпкерден өтініш түсті. Ер адам сауда үйінің жалға алынған үй-жайынан бірнеше рет ақша қаражаттары мен тауарлық-материалдық құндылықтарының ұрланғанын хабарлады. Жалпы шығын 8,4 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 3-12 наурыз аралығында сауда үйінің бейнебақылау камераларының электр қуатының үзілуіне байланысты мезгіл-мезгіл өшіп тұрғаны анықталды. Сонымен қатар көрші ғимараттардың бейнебақылау камералары тексерілгенде, ғимаратқа бірнеше рет кірген жергілікті тұрғынның бейнесі тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, оның оқиғаға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


"Кәсіпкерлерге осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында үлкен сомаларды сақтау үшін сенімді құлыптары бар сейфтерді қолдану, қолма-қол ақшаны түнде кассада қалдырмау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесін үнемі тексеріп отыру ұсынылады. Егер қажет болса, кәсіпкерлер қауіпсіздік қызметімен келісімшарт жасасқан абзал", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін