Батыс Қазақстан облысының полициясы мәлімдегендей, турист өз бағыты аясында Оралға келген.
"Қалаған келген ол бағытынан жаңылып қалған. Орал қаласында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Қазиханов Дамир мен Иманғазин Нұрсұлтан — қалада адасып кеткен шетелдік азаматқа көмек көрсетті. Конор оралдық полицейлерге кәсібилігі, сыпайылығы және жедел көмегі үшін алғысын білдірді",- делінген полиция ақпаратында.
Белгілі болғандай, 2023 жылдан бері әлемді аралай бастаған Коннор бүгінге дейін 30-дан астам елді басып өткен.
Бұған дейін елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.