Қазақстан шетелдегі кейбір азаматтарға ЖСН беруді қайта бастайды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның РФ-дағы елшілігі 2025 жылғы 18 сәуірден бастап шетелдік азаматтар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Қазақстан елшіліктері 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатқан болатын.

"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі 2025 жылғы 18 сәуірден бастап шетелдік азаматтар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастайды",- делінген ақпаратта.

Бекітілген жаңа алгоритмге сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ЖСН келесі тұлғаларға ресімделеді:

Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне немесе Министрлікке жеке өзі жүгінеді.

"Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі",- деп ескертті.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

"Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады",- деп қорыттындылады ведомство.

Бұған дейін Ақтөбеде TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген жасөспірімдер анықталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды