Ақтөбеде сот 12 адамды 36 млн теңгеге алдаған жалған кәсіпкерге үкім шығарды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбенің 44 жастағы тұрғыны, өзін кәсіпкер ретінде таныстырған азамат өз таныстарын төмен пайызбен несие рәсімдеуге көмектесемін деп сендіріп, 36 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқ түрлі бизнес жобалар – дәмхана мен монша салу, мал шаруашылығын кеңейту секілді бастамаларға несие алғысы келген азаматтарға мемлекеттік қолдау шеңберінде жеңілдетілген қаржы әперемін деген уәде берген.

Ол бұл қызметі үшін әр адамнан 2-ден 6 миллион теңгеге дейін қаражат алып, алайда уәделерін орындамай, созбалаңға салған.

Көп күтуден шаршаған жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгініп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен алаяқ 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді ол жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өндіріп беру мақсатында 36 миллион теңгені атқару парақтары арқылы өтеуге міндеттелді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті