Теміртауда жедел жәрдем фельдшері әріптесін сабап ауруханаға түсірді

Фото: Zakon.kz
Теміртаудағы жедел жәрдем станциясында фельдшер әріптесін оңдырмай сабап тастады. Жарақат алған келіншек қазір ауруханада жатыр. Жәбірленуші өзіне қол көтерген күдіктінің қатаң жазалануын талап етіп отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға жұмыс орнында болған. 29 жастағы фельдшер әріптесіне жұдырық ала жүгірген. Алдымен қылқындырып, бір екі соққы жасағаннан кейін, шашынан сүйреген. Әріптестері араша түсіп, әрең ажыратып алған.

Сөйтсе еңбек демалысында болған фельдшер жұмыс орнына жанжал іздеп әдейі келген екен. 30 жастағы келіншек басынан жарақат алып, саусақтары сыныпты.

"Тексеру барысында жанжалдың қызмет бабына қатысы жоқ, жеке келіспеушілік негізінде жұмыс орнында, әріптестер арасында орын алғаны анықталды. Аталаған оқиға бойныша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың емдеу курсы аяқталғанан кейін тиісті сараптамалар тағайындалады"Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз