Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтап, олардың әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар жарияланған "Профилактика жылы" аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы оңтүстік бағыттағы Құлжа тас жолының Рысқұлов көшесімен қиылысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді.

Атап айтқанда, BMW көлік жүргізушісі қауіпті маневр жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы апаттық жағдай туғызған.

Полицейлер жүргізушінің жеке басын шұғыл анықтап, оны жауапкершілікке тартты. 21 жастағы азаматқа қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Әрбір жүргізуші қаламыздың көшелері – жарыс алаңы емес екенін түсінуі тиіс. Мұндай жауапсыз әрекеттер тек заң бұзушылық болып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау. Ережені елемеген әрбір азамат заң алдында жауап беретін болады", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұл жағдай – қалада жол қозғалысы мәдениетін арттыру және тәртіпсіздіктің алдын алу бағытындағы шаралардың өзектілігін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды