"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, түнде шығыс өңірде, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1°С аязды көрсетеді деп күтіледі.
"Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондармен байланысты жылжыған фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел күшейеді деп күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады", – деп болжануда.
Гидрологиялық болжамда алдағы үш тәулікте республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде судың кенерінен асуы байқалатыны айтылады.
"Есіл өзенінде (Ақмола облысы және СҚО) су деңгейінің көтерілуі байқалады", – дейді синоптиктер.
Бұған дейін Қазақстанға ең көп туристер қай елдерден келетіні белгілі болды.