Қарағандыда есірткімен айналысқан күдіктіден қару-жарақ табылды

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын қылмыс үстінде қолға түсірді. Ол 4,4 грамм гашишті сатып жатқан кезде ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізілді. Нәтижесінде 144 грамнан астам марихуана, 134,2 грамм гашиш, SIM-карталары бар 11 телефон тәркіленді. Бұл деректер оның есірткі саудасымен жүйелі түрде айналысқанын айғақтайды.

Сонымен бірге тінту барысында екі тапанша мен газды және пневматикалық қаруға арналған оқ-дәрілердің табылды. Қазіргі уақытта бұл қарулардың атуға жарамдылығы сараптама арқылы анықталып жатыр.

"Бұл жағдай — есірткі бизнесінің қоғам үшін әлі де үлкен қауіп төндіріп отырғанының айқын дәлелі. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлердің алдын алу мақсатында кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді