Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Оралда Абай полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың атына онлайн микронесиелер рәсімдеген ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті "қоңырау шалып алайын" деген желеумен таныстары мен бейтаныс жандардан ұялы телефондарын уақытша сұрап алып отырған. Алайда ол бұл құрылғыларды пайдаланып, түрлі микрокредиттік ұйымдардың қосымшалары арқылы жәбірленушілердің атына онлайн несие рәсімдеген. Кейін алынған қаржыны өз шоттарына аударып отырған.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактісі бойынша алты эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асады.

Осыған байланысты полиция азаматтарға сақ болуды ескертті. Бөгде адамдарға жеке телефон мен жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмән тудыратын кез келген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды