Қостанайда зейнеткерлерге қатысты жалған ақпарат тарап кетті

Фото: Zakon.kz
Қостанайда зейнеткерлерге қатысты тыйымдар туралы жалған хабарлама тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратта 2025 жылғы 9 мамырдан бастап 63 жастағы ерлер мен 60 жастағы әйелдерге сағат 18:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынатыны айтылған.

alau.kz басылымының жазуынша хабарлама бастапқыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram парақшасында жарияланған, алайда кейіннен WhatsApp арқылы кеңінен таралған.

Өз кезегінде Костанай облысының полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде растады. Қазіргі уақытта мұндай шектеулер енгізілмеген.

Бұған дейін Алматыда ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілетіндігі жайлы жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті