Қазақстанда қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады.

"Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады. Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыруда", делінген министрлік хабарламасында.

Айта кету керек, аталған реформалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан "Қазақстан балалары" атты кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде іске асырылады.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева облыстарда Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар, сондай-ақ аудандарда да тиісті бөлімдер құрылғалы жатқанын айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды