Алматыда Ұлы Жеңіс күні қандай көшелер жабық болады

Фото: Zakon.kz
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда гүл шоқтарын қою салтанаты өтетіндіктен, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, 34 маршруттың қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

Бұл ретте, жүргізушілердің назарына: 

"Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері шектелетін аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады". 

Мұнымен қоса, осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады. 

"Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз". 

Іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

"Маршруттарыңызды жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді және мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұраймыз". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада бірден 12 автобустың қозғалыс сызбасы өзгеретіндігі хабарланған болатын. 

Қазақстан
Ұлы Жеңіс
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды