Алматы облысында ІІО ардагері Тәңірберген Толғанбаевқа құрмет көрсетілді

Сурет: ҚР ІІМ
102 жасқа толған ардагерге ҚР Ішкі істер министрінің атынан құттықтау хаты табысталып, ел мен халық жолындағы ерен еңбегі үшін шынайы алғыс айтылды.

1923 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген Тәңірберген Толғанбаев Ұлы Отан соғысы кезінде шекара әскерлері құрамында шайқасқан.

Соғыстан кейін 20 жылдан астам уақыт милицияда қызмет етіп, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімін басқарған.

Зейнетке шыққаннан кейін де еңбек жолын Іле аудандық прокуратурасында жалғастырған. Ол – алты баланың әкесі, 12 немере, 16 шөбере және бірнеше шөпшек сүйіп отырған ұрпақтар ұстазы.

Оның ерлікке толы өмір жолы жазушы Кемел Тоқаевқа шабыт беріп, адал офицердің – ар-намыс пен парызға адал бейнесінің негізіне айналған.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай, Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев пен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ішкі істер органдарының ең қарт ардагерлерінің бірі – милиция полковнигі, зейнеткер Тәңірберген Толғанбаевқа арнайы барып, мерекемен құттықтады

"Тәңірберген ата – тірі аңыз. Оның өмір жолы – ерлік пен адалдықтың, рухтың беріктігінің жарқын үлгісі. Ол – тек соғыс батыры ғана емес, құқықтық тәртіпті нығайтуға өмірін арнаған тұлға. Мұндай тарихи тұлғаның арамызда өмір сүріп жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы.

Алматы облысының полицейлері ғасыр жасаған ардагерге терең құрмет білдіре отырып, оның өнегелі жолы қазіргі және келер ұрпақ қорғаушыларына рухани бағдар болатынын атап өтті.

Қазақстан
Алматы облысы
Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі