Павлодарда 115 мас жүргізуші анықталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында 19 сәуірден бастап өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты шаралар қабылдануда.

Полиция қызметкерлері қызметтік көліктер мен жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерге орнатылған мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендерді кеңінен қолдана отырып, патрульдік қызмет пен автопатрульдердің тығыздығын арттырды.

Аталған шараның осы кезеңінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық дерегін анықтады. Ережені елемегендердің қатарында 1313 жаяу жүргінші бар — олар белгіленбеген жерлерден өтіп, өз өмірлерін қатерге тікті.

357 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзса, 177 адам бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамастан жолын жалғастырған.

Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде телефон қолданған 91 жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылды. Сондай-ақ, мас күйінде көлік басқарған 115 жүргізуші ұсталды.

"Мәселен, Екібастұз қаласындағы Баян батыр көшесінде Chevrolet Cruze көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезіліп, медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын растады", – дейді полиция департаменті.

Сонымен қатар түрлі заң бұзушылықтар үшін 223 көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі