Министрдің айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда қант қызылшасының өндірісі екі есе артып, 128 мың тонна қант өндірілген. Қазіргі уақытта оның 30–40%-ы сатылып, қалғаны қоймаларда сақтаулы.
"Сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жұмыс тобы бұл мәселені бақылауда ұстайтын болады. Әдетте баға делдалдардың есебінен өседі. Зауыттан шыққан қанттың көтерме бағасы 350–370 теңге/кг, логистика шығындарын қосқанда, ол 400–420 теңге/кг болады. Алайда, бөлшек саудада бағаның 15%-дан артық көтерілуі негізсіз деп есептеледі. Сондықтан, министрлік делдалдардың үстеме бағасын тексеріп, 15%-дан жоғары болған жағдайда, сауда орындарына айыппұл салу шараларын қолдануды жоспарлап отыр",- деді Айдарбек Сапаров.
Ол министрліктің баға мониторингіне сәйкес республикадағы қанттың орташа бағасы бір кг үшін 388 теңгені құрайтынын атап өтті.
Бұған дейін Жамбылда шегіртке шектен тыс көбеюі мүмкін екенін жазған болатынбыз.