Танысының сеніміне кіріп, несие ресімдеген елордалық ұсталды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы азамат қолға түсті. Ол өзінің танысының сеніміне кіріп, оның телефонын заңсыз пайдалану арқылы банктен шамамен 1 миллион теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеген.

Күдіктіні анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізді.

Нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға цифрлық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді.

Банк қосымшаларына қолжетімділік беретін құпия сөздер мен деректерді бөгде адамдарға еш жағдайда беруге болмайды.

Сенімділіктің арты өкінішке соқтырмас үшін әрбір азамат өз деректеріне мұқият қарауы қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды